Құрметті Шортанды ауданының тұрғындары!

«Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ана өлімін азайту жөніндегі жұмыс тобы сапарының қорытындысы бойынша және Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының 15.10.2025 жылғы № 435 бұйрығына сәйкес ауруханада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде перзентхана бөлімшесінің жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Бұл шешім жүкті әйелдердің, босанатын әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Шортанды аудандық ауруханасының акушер-гинекологтары әрбір жүкті әйел үшін босандырудың жеке жоспарларын алдын ала пысықтайды.
Құрметті әйелдер!
Сіздерден акушер-гинекологтың және акушердің барлық ұсыныстарын қатаң сақтауды сұраймыз. Сіздер Астана қаласының № 2 Көпбейінді облыстық ауруханасына (МОБ № 2) жатқызуға дайын болуларыңыз керек.
Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда босандыру Көкшетау қаласының көпбейінді облыстық ауруханасында (КОА-МОБ) ұйымдастырылады.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет!